31 жастағы әйел жер шарын ұшақпен айналып өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

31 жастағы әйел жер шарын ұшақпен айналып өтпек

27.06.2014
31 жастағы әйел жер шарын ұшақпен айналып өтпек
АҚШ-та 31 жастағы әйел жалғыз өзі бір моторлы ұшақпен жер шарын айналып шығуға аттанды.
 
Амелия Эрхарт бір кездері жол-көлік оқиғаларын хабарлайтын репортер болып жұмыс істеген.
 
Сондай-ақ, 10 жыл бұрын ол лайнермен ұшуды да үйреніп, қазір айтарлықтай тәжірибе жинап қалған.
 
Бір қызығы, 1939 жылы да Амелия Экхарт есімді әйел дәл осылай планетаны шарлаймын деп, Тынық мұхитының оңтүстігінде жоғалып кеткен болатын.
 
Бірақ, бүгінгі Амелия өз аттасының тағдырын қайталамаудан үмітті. Ол үш аптадан кейін үйге оралуды тілеп, ұшағына мініп әуеге көтерілді.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу