Қазақстандық саяхатшы Мағжан Сағымбаев жер шарын велосипедпен араламақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық саяхатшы Мағжан Сағымбаев жер шарын велосипедпен араламақ

28.04.2014
Қазақстандық саяхатшы Мағжан Сағымбаев жер шарын велосипедпен араламақ
Қазақ жігіті жер шарын велосипедпен араламақ, деп хабарлайды Азаттық. 26 жастағы Мағжан Сағымбаев 28 мың шақырым жолды жүріп өтпек.
 
2014 жылдың 1-мамырында басталатын саяхат 2015 жылы наурыз айында аяқталады.  
 
«Сапарымды Қазақстаннан бастап, Өзбекстан, Түркіменстан, Иран, Түркия елдеріне барамын. Одан әрі Еуропаның 18 еліне сапарлауды жоспарлап отырмын. Солтүстік Америкада АҚШ территориясын, Австралия, Малайзия, Таиланд, Камбоджа, Вьетнам, Қытайды шарлап шығамын. Қытайдан кейін елге ораламын»,  дейді саяхатшы. 
 
Ол күніне 50-ден 200 шақырымға дейін жол жүруді жоспарлап отыр.  АҚШ-ты - 100 күнде, Қытайды - 90 күнде,  Австралияны - 30 күнде аралап шықпақ.
 
Мағжан Сағымбаев  «Әр қаладан көрген білгенімді әлеуметтік желі мен блогым арқылы бөлісіп отырамын» дейді.

Хабарламаларға жазылу