19 жасар қыз жалғыз өзі ұшақпен жер шарын айналып өтпек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

19 жасар қыз жалғыз өзі ұшақпен жер шарын айналып өтпек

18.08.2021

Бельгияда 19 жасар қыз жалғыз өзі Жер шарын ұшақпен айналып өту үшін айшылық алыс сапарға аттанды. Зара Рутерфорд елдің батысындағы Кортрик-Вевелгем қаласының әуежайынан көкке көтерілді. Оның лайнері өте жеңіл.

Зара алдағы үш айда 51 мың шақырым ұшып, 52 елге аялдауды жоспарлап отыр. Ол тоқтайтын мемлекеттердің қатарында Германия, Қытай, Никарагуа бар.

Пилоттар отбасында дүниеге келген Рутерфорд планетаны жалғыз айналған ең жас әйел деген атақ үшін жолға шықты. Бұған дейін осы титулды 30 жастағы Шаэста Вайс деген ұшқыш ұтып алған.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу