Бразилия астанасында шеру өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилия астанасында шеру өтті

27.06.2014
Бразилия  астанасында шеру өтті
Бразилия астанасында кезекті футбол матчы басталғанда ондаған адам шерулетті. Олар Бразилиадағы ойындар өтетін ұлттық алаң жанына жиналған. Наразылық акциясына қатысушылар ел президентіне «Дилма, айқай-шуымызды кешір. Бұл біздің дұрыс білім алмауымыздан», деп ұрандатты.
 
Шерушілер ел билігінің қыруар қаржыны әлеуметтік саланың дамуына салмай футбол ойындарына жұмсауына наразы. Сонымен бірге, олар тұрғындарды Әлемдік матч кезіндегі тәртіпті қадағалайтын әскери полицияның дөрекілігіне қарсы тұруға шақырды.
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу