Таиланд астанасында монархияны реформалауды талап еткен шерулер өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таиланд астанасында монархияны реформалауды талап еткен шерулер өтті

15.11.2021

Таиланд астанасында монархияны реформалауды талап еткен шерулер өтті. Оған мыңдаған адам қатысқан. Қолдарына «Абсолюттік монархия жойылсын!» деген жазуы бар плакат ұстаған демонстранттар Бангкок көшелерімен жүріп өтті.

Манифестация кезінде 3 адам жараланған. Қазір осы іске қатысты тергеу жүріп жатыр.

Айта кету керек, Таиландта патшаны сынауға тыйым салынған. Бұл заңды бұзғандар 15 жылға түрмеге қамалады. Мәселен, былтыр тамызда корольдікті реформалауды талап еткен шеру конституцияға қарсы, әрі қазіргі басқару институтын құлатуға бағытталған деп танылды. 


Хабарламаларға жазылу