Қытайлық миллионер Нью-Йоркте үйсіздерге ас берді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытайлық миллионер Нью-Йоркте үйсіздерге ас берді

26.06.2014
Қытайлық миллионер Нью-Йоркте үйсіздерге ас берді
Қытайлық миллионер Нью-Йоркте үйсіздерге тегін ас берді. Қайырымдылық шарасы Орталық паркте орналасқан   мейрамханада ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Чэнь Гуанбяо көпшілік алдында Майкл Джексонның әндерін шырқап, отырыс аяқталғанда әрбір қонаққа 300 доллардан берген.
 
Бұл азамат Қытайда да ерекше істерімен көпке танымал. 2008 жылы ол жер сілкінісінен зардап шеккендерге ақша таратса, былтыр Бейжің жұрты улы түтіннен тұншығып жатқанда, халыққа құтымен таза ауа үлестірген болатын.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу