Ханзада Фелипе Испания королі атанды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ханзада Фелипе Испания королі атанды

19.06.2014
Ханзада Фелипе Испания королі атанды
 
Бүгін, маусымның 19-да, Испанияның тақтан түскен королі Хуан Карлостың орнын оның ұлы Фелипе басты. Жаңа патшаға Филипп VI деген ат берілді. 
 
Тақ мұрагері Фелипе мемлекет басшысы ретінде бірнеше сағаттан кейін Испан парламентінің төменгі палатасы алдында ант береді. Ал, оның 76 жастағы әкесі тақтан түскені туралы заңға кеше қол қойды.
 
Айта кетсек, Хуан Карлос диктатор Франко қайтыс болғаннан кейін елді демократияландыру процесінде маңызды рөл атқарды.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу