Басты Жаңалықтар Францияда 31 жастағы әйел тамағына ота жасату кезінде ән салуды тоқтатпады

Францияда 31 жастағы әйел тамағына ота жасату кезінде ән салуды тоқтатпады

Францияда 31 жастағы әйел тамағына ота жасату кезінде ән салуды тоқтатпады
Францияда 31 жастағы әйел тамағына ота жасап жатса да, ән салуды тоқтатпады. Мұндай әрекетке ол дәрігерлердің кеңесімен барған.
 
Яғни, оташы оған «ыңылда, сонда дауыс желбезегін табу оңайға түседі», деп ақыл айтқан.
 
Хирургтер ісіне бастаған қалқанша безді алып тастау үшін Алама Кантені дәрімен ұйықтатып тастамай, медициналық гипнозбен ән айтқызған. Нәтиже жаман емес.
 
Операциядан кейін екі ай өткенде, Африканың дәстүрлі әуендерінің шебері қатарға қосылып, сүйікті өнерін қайта жалғастыра бастады.
 
Арыстан РЫСБЕК
Бөлісу