Иракта жиһадшылар тағы екі қаланы басып алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта жиһадшылар тағы екі қаланы басып алды

13.06.2014
Иракта жиһадшылар тағы екі қаланы басып алды
Иракта  тағы екі қала  сүнниттік содырлардың қолына өтті.
 
Бүгін түскен мәліметке қарағанда, «Ирак пен Леванттағы Ислам мемлекеті» ұйымы Джалула және Садия шаһарларын басып алған.
 
Ал, жергілікті қауіпсіздік күштері жиһадшылар жақындап қалғанда, жан-жаққа қаша жөнелген.
 
Кейбір мәліметтерге қарағанда, исламшылдар енді 60 шақырым жүрсе, ел астанасы Бағдадқа жетеді.
 
Осы аптада олар  Мосул мен Тикритті бағындырды. Бұл шаһарларды босатуға  қазір күрдтердің пешмерга деген әскери жасақтары жәрдемдесіп жатыр.
 
АҚШ президенті Барак Обама Американың Ирактағы қарулы топтардың бекіністеріне әуеден соққы беруі мүмкін екенін жоққа шығармайды.
 
Ал, көптеген сарапшылар Ирактың бүгінде шииттік, сүнниттік және күрдтік сектор болып, үшке бөліне бастағанын айтып отыр.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу