Иракта содырлар ірі мұнай өңдеу зауытын шабуылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иракта содырлар ірі мұнай өңдеу зауытын шабуылдады

18.06.2014
Иракта содырлар ірі мұнай өңдеу зауытын шабуылдады
Иракта  содырлар елдің солтүстігіндегі ірі мұнай өңдеу зауытын шабуылдады. Әзірге зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.
 
Бір анығы, өндіріс ошағы Бейджи қаласында орналасқан. Жиһадшылар оның екі қақпасына снаряд лақтырып, қоймасын атқылаған. Қазір кәсіпорынның бір шеті өртеніп жатыр.
 
Айта кетсек, елге қажетті бензин мен өсімдік майының және энергетикалық станциялар тұтынатын отынның едәуір бөлігі дәл осы зауытта өндіріледі.
 
Содырлар Ирактың теріскейіндегі Мосул, Тикрит тәрізді ірі қалаларды өткен аптада басып алып, қазір Бағдадқа жақындап қалды.
 
Оларға тойтарыс беру үшін шииттер соғысқа көптеп аттанып жатыр. Ал, Басра базарында әскери формалар мен қару-жарақтың қосымша бөлшектеріне деген сұраныс күрт өскен.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу