Бразилияда метро жұмысшылары шеруді тоқтатпақ емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бразилияда метро жұмысшылары шеруді тоқтатпақ емес

12.06.2014
Бразилияда метро жұмысшылары шеруді тоқтатпақ емес
Сан-Паулу метросының жұмысшылары футболдан Әлем чемпионаты ашылатын күні де көшелерге шығып, үкіметке талап қоюды тоқтатпақ емес. Бірақ, олар жер асты пойыздарының жұмысын доғармауға уәде берді. Егер, метро тоқтайтын болса, чемпионат кезінде миллиондаған жолаушымен бірге дүниенің түкпір-түкпірінен жиналған мыңдаған фанат діттеген жеріне жете алмай, әбігерге түсейін деп отыр. Метро мамандарының үкіметке қойып отырған негізгі талабы – жалақыны 12 пайызға көтеру. Алайда, мемлекет олардың айлығын 8,7 пайызға ғана өсіруге келіскен.
 
Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу