Сан-Паулуда полицейлер мен метро жұмысшылары қақтығысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сан-Паулуда полицейлер мен метро жұмысшылары қақтығысты

07.06.2014
Сан-Паулуда полицейлер мен метро жұмысшылары қақтығысты
Бір аптаға жетер-жетпес уақыттан кейін Әлем чемпионаты басталатын Сан-Паулуда әлеуметтік шиеленіс күшейіп барады. Өткен тәулікте метро мамандары миллиондаған жолаушыны тасудан бас тартып, ереуіл жариялады. Шеруді тарату үшін әскери полиция шақыруға тура келген. Тәртіп сақшылары демонстранттарға газ шашып, резина оқ жаудырды.
 
Метро қызметкерлерінің негізгі талабы – жалақыны 12 пайызға көтеру. Алайда, үкімет олардың айлығын мұнша өсіруге әзір емес.
 
Айта кетсек, дүниенің түкпір-түкпірінен фанаттар жиналып жатқандықтан, Сан-Паулу көшелерінде көлік қатынасы да сағат сайын қиындап барады.
 
Арыстан РЫСБЕК
 
 
 
 
 
 
 

Хабарламаларға жазылу