Чилиде студенттер білім жүйесін реформалауды талап етуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Чилиде студенттер білім жүйесін реформалауды талап етуде

11.06.2014
Чилиде студенттер білім жүйесін реформалауды талап етуде
Чили астанасы Сантьяго көшелерінде білім жүйесін реформалауды талап етіп шерулеткен студенттер полициямен қақтығысты.
 
Наразылық акциясына 40 мыңдай адам қатысқан. Тәртіп сақшылары шерушілерді тарату үшін газ қаруын қолданып, су шашты. Бірнеше студент тұтқындалған.
 
Наразы топ ел президенті Мишель Бачелеттен ақысыз және сапалы біліммен қамтамасыз етуді және де бұл салаға үкіметтің  араласуын талап етіп жатыр.
 
Айта кетсек, диктатор Аугусто Пиночет дәуірінен бері Чилиде көптеген оқу орны жекешелендірілген. 
 
Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу