Басты Жаңалықтар АҚШ-та көмір тиелген 50 вагон рельстен тайып кетті

АҚШ-та көмір тиелген 50 вагон рельстен тайып кетті

АҚШ-та көмір тиелген 50 вагон рельстен тайып кетті
АҚШ-тың Канзас штатындағы Нью-Канзас-Сити қаласы маңында қатты желдің кесірінен жүк пойызы рельстен тайып кетті. Соның салдарынан көмір тиелген 50 шақты вагон аударылған.
 
Жергілікті билік өкілдерінің мәлімдеуінше, пойыз Арканзастан Вайомингке қарай бет алған еді. Алайда, синоптиктер дауыл туралы ескерту жасағандықтан, оны тоқтатуға тура келген.
 
«Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, апат салдарынан ешкім зардап шекпеді. Қазір аймақта тазарту жұмыстары жүріп жатыр.
 
 
Мадина МҰҚАНОВА
Бөлісу