Детройтқа қаржылай көмек беріледі
АҚШ-тың Мичиган штатының сенаты банкротқа ұшыраған Детройтқа қаржылай көмек беру бағдарламасын қабылдады.
Заң шығарушылардың дені - Құрама Штаттардың автомобильді ордасына штат қазынасынан 194,8 миллион доллар бөлу жөніндегі заң жобасын мақұлдаған.
Енді бұл құжатқа губернатор Рик Снайдер қол қоюы тиіс.
Жоспар бойынша, қаражаттан ең алдымен, зейнетақы төленбек. Детройттың зейнеткерлік тапшылығы жыл басында 3,5 миллиард долларға жеткен еді.
Қаланың 18 миллиард долларға жеткен қарызын жабу үшін өнер институтындағы экспонаттар сатылуы мүмкін. «Кристис» аукцион үйінің есебінше, ондағы топтаманың құны - 450-870 миллион доллар.
Айта кетсек, былтыр желтоқсанның 3-де Детройт банкрот қала болып танылған-ды.
Мадина МҰҚАНОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жалпыұлттық онлайн-марафон: Дискуссия алаңында 15 тақырып талқыланды
24.08.2026, 20:57
Ғалымдар Жанкент шаһарын 20 жылдан бері зерттеп келеді
24.08.2026, 20:54
Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты
24.08.2026, 20:50
Жаңбыр соңы қарға ұласады, кей өңірлерде +35 градус болады
24.08.2026, 20:44
«Жаңа оқу жылына - таза мектеп» акциясы өтуде
24.08.2026, 20:19
Көлік саласын цифрландыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр
24.08.2026, 20:17
Елімізде міндетті сақтандыру жүйесі өзгереді
24.08.2026, 20:12
Амандасуда ұлттық әдеп бар
24.08.2026, 20:09