Басты Жаңалықтар Түркиядағы шерулердің соңы полициямен қақтығысқа ұласты

Түркиядағы шерулердің соңы полициямен қақтығысқа ұласты

Түркиядағы шерулердің соңы полициямен қақтығысқа ұласты
Түркияның бірқатар қалаларында өткен шерулер демонстранттар мен полиция арасындағы қақтығыспен аяқталды.
 
 Жергілікті жұрт Гези саябағындағы ағаштарды кесуге қарсы акциялардың бір жылдығына орай көшеге шыққан.
 
Стамбулда рұқсатсыз өткізілген митинг барысында шерушілер Таксим алаңы маңындағы көшелерге бөгет қойып, баррикадаларды өртеген.
 
Сондай-ақ, бір топ манифестант полицейлерге тас лақтырған. Митинг қатысушыларын тарату үшін тәртіп сақшылары көз жасаурататын газ бен су атқыштарды пайдалануға мәжбүр болып, ондаған адамды қамауға алды.
 
Мадина МҰҚАНОВА
Бөлісу