Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон Арыста болған жағдайға байланысты көңіл айтты
Арыста болған жағдайға байланысты алыс-жақын шетел басшылары Қазақстан халқына көңіл айтып жатыр. Ақордаға Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмоннан жеделхат келіп түсті. Тәжік басшысы Қазақстан Үкіметінің шұғыл қабылдаған шараларына тоқталып, қазақстандық жасақтардың эвакуация және қайғылы оқиғаның салдарын жою кезіндегі жанкешті жұмыстарын ерекше атап өткен. «Едәуір шығынға және кісі өліміне әкелген Арыс қаласында болған жарылыс туралы ақпаратты күйзеліспен қабылдадым. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін»,– делінген жеделхатта.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Құрама қоржынында – 14 медаль
19.10.2026, 20:25
Aport Mall East 3 жылдығын атап өтті
19.10.2026, 20:22
Ақын Серік Құсанбаевтың шығармашылық кеші өтті
19.10.2026, 20:21
Кітапқұмар ұрпақ – ұлт келешегі
19.10.2026, 20:20
19 қазан – құтқарушылар күні
19.10.2026, 20:19
Құландар мекенінде фестиваль өтті
19.10.2026, 20:18
Республика күніне орай ауқымды марафон басталды
19.10.2026, 20:16
«Ақтөбе — Қарабұтақ — Ұлғайсын» тас жолының бір бөлігі қолданысқа берілді
19.10.2026, 20:15