Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мун құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаевты БҰҰ сегізінші Бас хатшысы Пан Ги Мун құттықтады

11.06.2019

Қасым-Жомарт Тоқаевты Президент лауазымына сайлануымен Пан Ги Мун құттықтады.

БҰҰ 8-ші Бас хатшысы жіберген жеделхатта «Қазақстан қазіргі уақытта орнықты дамуы мен инклюзивті өсімін айқын көрсетіп келе жатқан бірегей мемлекет» деп баға берілген.

Сондай-ақ, Пан Ги Мун мемлекет басшысының БҰҰ Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры қызметін атқарған кездегі жұмысы мен дипломатиялық тәжірибесін атап өтіп, Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы қабілеттері  Қазақстанды өркендетуге септігін тигізетініне сенім білдірген.

Хабарламаларға жазылу