Пан Ги Мун: Жыл сайын жер бетінде 7 миллион гектар табиғи орман жойылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пан Ги Мун: Жыл сайын жер бетінде 7 миллион гектар табиғи орман жойылады

24.03.2016
 Пан Ги Мун: Жыл сайын жер бетінде 7 миллион гектар табиғи орман жойылады

Жыл сайын жер бетінен 7 миллон гектар табиғи орман жойылып кетеді. 50 миллион гектар орман алқабы өрттен зардап шегеді. БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Халықаралық орман күні қарсаңында осылай мәлімдеді.

«Тұрмыста, ауыл шаруашылығында, өнеркәсіпте пайдаланылатын тұщы судың төрттен үші ормандағы су көздеріне тиесілі», - деді Пан Ги Мун.  БҰҰ жетекшісі  Дурбан, Джакарта, Мадрид, Нью-Йорк, Рио-де-Жанейро және басқа да ірі қалалар ауызсудың басым бөлігін орманды алқаптардан алады.

«Жер бетіндегі адам санының өсуі және суға деген сұраныстың күрт артуы ормандарды су көздері ретінде қорғау қажеттілігі туады. 2025 жылы 1,8 миллиард адам су тапшы аудандарда өмір сүреді. Жалпы алғанда әлемнің үштен екісі су жетіспеушілігінің зардабын шегеді»,- деп атап өтті Пан Ги Мун.

 

Хабарламаларға жазылу