Пан Ги Мун:  Барлық ядролық сынақтарға тыйым салу қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пан Ги Мун:  Барлық ядролық сынақтарға тыйым салу қажет

24.08.2016
Пан Ги Мун:  Барлық ядролық сынақтарға тыйым салу қажет

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 25 жылдығы қарсаңында арнайы хабарламаны жеткізді. Бұл туралы БҰҰ сайтында жарияланды. 

Бүкіл әлем 2016 жылдың 29-шы тамызында  Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күнін атап өтеді. Бұл атаулы датаны белгілеуге Қазақстан бастамашы болған. Ал, 2009 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының қарауымен қабылданды. 

«Бұл күн - мемлекет мүшелерін, үкіметаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, белсенді жастар мен БАҚ өкілдерінің БҰҰ-ның қауіпсіз әлем құруда ядролық сынақтарға тыйым салу қажеттігіне бағытталған әрекетін қолдау»,- деп атап өтті БҰҰ Бас хатшысы.

01

 

Қазақстан жерінде 450-ден астам ядролық сынақ өткізілген. Семей полигоны жабылғанына  ширек ғасыр толады, деп мәлімдеді  БҰҰ Бас хатшысы.

«Мен 2010 жылы Семейге барғанда улы залалдың салдарынан асыраушысынан айырылғандар мен сынақтың құрбандарын көрдім. Сондықтан, ядролық қарудан азат әлем іздеуге бел будым... Енді барлық  ядролық сынақтарға тыйым салу қажет» - деп атап өтті  Пан Ги Мун.

mfa.gov.kz

Хабарламаларға жазылу