Дариға Назарбаева «Дохий дебаттары» телебағдарламасының басқарушы директорымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дариға Назарбаева «Дохий дебаттары» телебағдарламасының басқарушы директорымен кездесті

24.05.2019

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева «Дохий дебаттары» телебағдарламасының басқарушы директоры Амджат Аталлахпен кездесті. Олар болашағы зор жобалары, атап айтқанда, Еуразиялық медиа форумның телебағдарламамен ынтымақтастығын талқылады.

Бағдарлама мақсаты көпжақты пікірталастар мен нақты іс-қимылдар арқылы жаһандық проблемалардың шешімін бірлесе іздестіруге саяды. Бұл - Еуразиялық медиа форумның миссиясымен үндес. Сондықтан болашақта өзара тығыз байланыс жолға қойылмақ.

Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу