«Нұр Отан» партиясы азаматтардың әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратын ұсыныстар даярлайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Нұр Отан» партиясы азаматтардың әлеуметтік сұранысын қанағаттандыратын ұсыныстар даярлайды

15.02.2019

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған топ тұрғындардың табысын арттыру және азаматтардың әлеуметтік сұраныстарын қанағаттандыратын ұсыныс даярлауын тапсырды. Бұл орайда бүгін «Нұр Отан» партиясында өткен отырыста осы мәселе кеңінен талқыланды.

Жиынға түрлі министрліктер мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Ең алдымен көпбалалы аналардың табысын арттыру, балалардың құқығын қорғау секілді тақырыптар талқыға түсті. Шараға өңірлерден қосылған партиялықтар өз ұсыныстарын айтты. Ұтымды ұсыныстар мемлекеттік комиссия қарауына жөнелтілді.

Айгүл Нуркина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Мемлекет басшысы аз қамтылған отбасыларға адрестік көмектің қолжетімді болуын әрі арендалық баспанамен қарапайым халықты қамтамасыз етуді тапсырды. Көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақы мөлшерін қайта қарастыру жайы қазір қызу талқыға түсіп жатыр.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу