«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс әзірленді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс әзірленді

14.06.2015
«100 нақты қадам» Ұлт жоспарын  жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс әзірленді

«Нұр Отан» партиясы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын  жүзеге асыру бойынша 50 ұсыныс дайындады.  Ұсынысты әзірлеген - «Sarap Time» сарапшылар тобы.

Бұл топ әзірлеген ұсыныстар - мемлекеттік қызметкерлердің кәсібилігін түбегейлі арттыруға, сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының жұмысын модернизациялау бойынша  тиімді әрекеттерге, қазақстандық біртектілікті нығайтуға, «Ашық Үкімет» жұмысының механизмдерін жетілдіруге, мемлекеттік органдардың ашықтығына, қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған.

«Sarap Time» сарапшылар клубы - саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тақырыптар бойынша пікір алмасып, сарапшылардың басын қосып, ұсыныстар әзірлейтін пікір алмасу алаңы.

Келесі аптада мемлекеттік емес ұйымдар, саяси партия өкілдерінің қатысуымен Ұлт жоспарын тиімді жүзеге асырудың тетіктері «Қазақстан-2050» жалпыұлттық коалициясының отырысында талқыланбақ.

Саясат Нұрбек, «Нұр Отан» партиясы Қоғамдық саясат институтының директоры:

 «Нұр Отан» партиясының «100 нақты қадамды» жүзеге асыруда ең үлкен миссиямыз бар. Біріншісі – «нақты қадамдарды» халыққа ашып, түсіндіру. Яғни, олардың ішкі логикасы қандай? Мағынасы қандай? Не үшін, неліктен осы «100 қадам» маңызды? Олар қалай жүзеге асырылады? Ал, екіншісі – бүкіл қоғамды, қоғамдық күштердің бастарын қосып, осы «100 қадамды» жүзеге асыру.  Бұл тек қана Үкімет, мемлекеттік мекемелердің күшімен жүзеге асырылмайды.

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу