Испаниялық компания Қазақстанда жаңа желі ашпақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испаниялық компания Қазақстанда жаңа желі ашпақ

28.08.2014
Испаниялық компания  Қазақстанда жаңа желі ашпақ

Испаниялық компания Қазақстанда салынып жатқан мұнай-газ және су  құбырларына қажетті бұрандалы  арматура өндірісін ашпақ.

Осыған орай, «ҚазақстанИнженеринг» компаниясымен келісім жасалды.

Жаңа қондырғылар Петропавлдағы «Мұнаймаш» зауытында өндірілетін болады.

Шетелдік кәсіпкерлердің айтуынша, Қазақстанда мұнай-газ өндірісі қарқынды дамып келеді. Сондықтан, бұл салаға салынған инвестиция еселеніп қайтады.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу