Қызылорда облысының әкімі испаниялық компания өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысының әкімі испаниялық компания өкілдерімен кездесті

14.10.2015
Қызылорда облысының әкімі испаниялық компания өкілдерімен кездесті

Кездесу барысында «Байқоңыр» брендін насихаттау және Байқоңыр қаласының туристік әлеуетін арттыру мәселелері талқыланды.

Андрей Кашечкин UCI санатындағы велотопты құру, Қазақстанда туризм саласын дамыту, Байқоңыр қаласын бүкіл әлемнен туристер келетін орталық ретінде қалыптастыру және инвестицияларды тартатын «Байқоңыр» жобасын таныстырды.

Ол имидждік жобаларды жүзеге асырумен айналысатын  «ESCATO» компаниясымен бірлесе «Байқоңыр» брендін әлемдік деңгейде танытпақ.

«Туған еліме қайтып келгенде әрқашан кеудемді қуаныш кернейді. Байқоңыр брендін насихаттауға қуана-қуана үлес қосамын», - деді Андрей Кашечкин.

«Біз белсенді түрде инвесторларды тартамыз және халықаралық қаржы институттарымен бірлесе жұмыс істейміз  және облысымыздың туристік әлеуетін арттыруға күш саламыз. Сіз Байқоңырда насихаттауға ықпал етуге қызығушылық білдіргеніңіз үшін өте қуаныштымыз, - облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Сондай-ақ, аймақ басшысы делегация мүшелерін қараша айында өтетін Байқоңыр инвестициялық форуымына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

 

Хабарламаларға жазылу