Мемлекеттік хатшы Түркі елдерінің министрлерін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Түркі елдерінің министрлерін қабылдады

05.12.2018

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова түркі тілдес мемлекеттердің жастар және спорт министрлерімен кездесті. Оған Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, Түркия Республикасының Жастар және спорт министрі Мехмет Касапоғлу, Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесінің бас хатшысы Бағдат Әміреев, Әзірбайжан Республикасының Жастар және спорт вице-министрі Исмаил Исмаилов, Қырғыз Республикасының Жастар, дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің директоры Қанат Аманқұлов қатысты. Жүздесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы күллі түркі халқының қасиеттеріне тоқталды. 

Мемлекеттік хатшы Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесі аясындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісінде қатысушыларға табыс тіледі.

Гүлшара Әбдіқалықова, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Халықаралық аренада түркі халықтарының татулығы мен бірлігі идеясын нығайту ісінде Түркі тілдес мемлекеттер ынтымақтастығының кеңесі маңызды орын алады. Ал, «Жастар жылы» деп жарияланған алдағы жыл Қазақстан үшін мазмұнды болмақ. Бұл - жастарға, олардың мұң-мұқтажына, Қазақстанның болашағына ерекше көңіл бөлудің көрінісі.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу