ТМД мүше мемлекеттердің саммиті - ауқымды мәселелерді шешуге арналған диалог алаңы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ТМД мүше мемлекеттердің саммиті - ауқымды мәселелерді шешуге арналған диалог алаңы

28.09.2018

ТМД-ның қызметіне қатысты өткір сындар айтылып, «жалпы бұл ұйым өзі керек пе?» деген сауалдар үнемі көтеріліп жатады. Дей тұрғанмен, Кеңес Одағының ыдырау кезеңін тиянақтап, посткеңестік кеңістіктегі жаңаша интеграцияға негіз болған ұйымның тарихи рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Достастық құрылғалы қалыптасқан дәстүрге сай, қоңыр күзде ТМД-ның ең жоғарғы органы саналатын мемлекет басшыларының кеңесі өтіп тұрады. Биыл осы кеңеске Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон төрағалық етуде. Бұған дейін 2015 жылы Қазақстан, 2016 жылы Қырғызстан, 2017 жылы Ресей төрағалық еткен еді.

Айта кетейік, ТМД мемлекет басшыларының кеңесі осымен 18-рет өтті. Осы саммиттер кезінде мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық, құқықтық салада туындаған сан түрлі түйткілдер оң шешімін тапты. 

ТМД-на қазіргі таңда 10 мемлекет мүше. Олар: Армения, Әзірбайжан, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан.

 

Ғабит БӨКЕНБАЙ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу