Орталық және Солтүстік өңірге газ тартылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орталық және Солтүстік өңірге газ тартылады

05.03.2018

Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында мәлімдеді. Газ тарту жұмысы Қызылорда облысынан басталады. Қараөзек кенішінен айдалатын газ жоғары қарай Жезқазған, Қарағанды, Теміртау және Астанаға дейін жетеді. Бұл шамамен 3 млн-ға жуық халықты көгілдір отынмен қамтуға мүмкіндік беретін үлкен жоба. «Егер осы жобаны жүзеге асыра алсақ, еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға және халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге зор септігін тигізеді», - деді Елбасы өз мәлімдемесінде.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Парламенттің бірлескен отырысында жариялаған бастамасының толық нұсқасын кешкісін «Басты ақпараттан» кейін көре аласыздар.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу