Солтүстік Қазақстанда сұйытылған газ қымбаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Солтүстік Қазақстанда сұйытылған газ қымбаттады

04.11.2021

Солтүстік Қазақстанда сұйытылған газ қымбаттады. Теріскейде сұйық отын бағасы соңғы бір жарым айда 50 теңгеге өсіп кетті. Осы жолы оның құны бір тәулікте 20 теңгеге көтеріліп, литріне 130 теңгеге бір-ақ жеткен. Әкімдік өкілдерінің айтуынша, Энергетика министрлігі өңірге арзандатылған бағамен 1700 тонна сұйытылған газ бөлген. Ол жеткіліксіз. Өйткені аймақ халқы айына 6 мың тонна сұйытылған газ тұтынады. Өңірде соңғы тәулікте «АИ-92» маркілі бензин де 11 теңгеге қымбаттады.

Ерлан Қайырбеков, Энергетика және  ТҮКШ басқармасының бөлім басшысы:

Электрондық саудада газ қымбаттап кетті. Сондықтан сұйық отынмен қамтушы компаниялар да бағаны көтеруге мәжбүр. Өйткені олар тек шығынға ұшырайын деп тұр. Қазір облыс қорында 1300 тонна сұйық отын бар, тағы 500 тоннасы жақын күндері келуі тиіс.

Хабарламаларға жазылу