Нұрсұлтан Назарбаев «NASDAQ» компаниясы президентімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұрсұлтан Назарбаев «NASDAQ» компаниясы президентімен кездесті

18.01.2018

АҚШ-тың атақты «NASDAQ» компаниясы «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірігіп жұмыс істейді. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев пен аталған компанияның президенті Адина Фридманның Нью-Йоркте өткен кездесуі барысында белгілі болды. Мемлекет басшысы шетелдік компанияның жетекшісіне бұл шешім «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен оның серіктестерін ынталандыруға сеп болатынын айтты. Ал, «NASDAQ» жетекшісі орталықтың даму жоспарын қолдайтындығын айтып, қазақ биржасын озық технологиялармен қамтамасыз етуге дайын екендерін жеткізді. 

Адина Фридман, «NASDAQ» компаниясының жетекшісі:

- Біз Қазақстанның халықаралық қаржы орталығын дамытуға бар үлесімізді қосамыз. Жұмысын жүйелеуге атсалысамыз. Орталықтың даму жоспары көңілімізден шықты.

Хабарламаларға жазылу