Қазақ елі ядролық сынақтардың зардабын «ұлттық трагедиядан» дипломатиялық басымдыққа айналдыра алды
Еліміз тәуелсіз атанған тұстан бастап, ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, халықаралық аренада бейбітсүйгіш ел ретінде оң имиджін қалыптастырды. Бұл туралы Мәскеу қаласында өткен брифинг кезінде айтылды. Шара барысында Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің кеңесші-уәкілі Марат Сыздықов ядролық қарусыз әлем құру жолында Қазақстанның бастамасымен іске асқан бірқатар халықаралық жобаға жеке-жеке тоқталды. Мәселен, Қазақстанның ұсынысымен 29 тамыз ядролық сынақтарға қарсы күн ретінде бірнеше жылдан бері аталып келеді. Ал, жақында ғана ашылған аз байытылған уран банкі еліміздің әлем бойынша атомды бейбіт мақсатта қолдануды іс жүзінде қолдайтынын көрсетіп отыр.
Нұртас СОЛТАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ыбырай Алтынсаринның туғанына – 185 жыл
21.10.2026, 10:10
Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр
21.10.2026, 10:09
Құлсарыда жаңа теміржол вокзалы ашылды
21.10.2026, 10:08
Хуситтермен қақтығыс күшейді
21.10.2026, 10:06
Пентагон чип өндіруге $ 1,5 млрд инвестиция салады
21.10.2026, 10:05
Кеденде ақпарат алмасу күшейеді
21.10.2026, 10:04
Төрт өңірде жазғы дөңгелекпен жүруге тыйым салынды
21.10.2026, 10:02
Бүгін бірқатар өңірде қар жауады
21.10.2026, 10:01