Басты Жаңалықтар Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Мақтаарал ауданындағы көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолы бойындағы көпір күрделі жөндеуден өтуде.  Атакент кентіне кіре берістегі өткел өткен ғасырдың  60-шы жылдары салынып, содан бері жөндеу көрмеген еді. Бұл жерден күніне мыңдаған көлік өтеді. Әрі жүк көліктері «Атамекен» кеден бекеті арқылы шекара асады.  Биыл мамыр айында көпірді ретке келтіруге бюджеттен 358 млн теңге бөлініп, өткел жаңа технологиямен қайта жөнделді. Көпірдің ені кеңейіп, жол белгілері орнатылды. 

Бақыт Тұрдиев, мердігер компанияның директоры:

Көпірдің құрылымы қазіргі заманауи жаңа технологиямен салынды. Бұрғылап қазу және каркасымен, бетон құйылып жасалынды. Қазіргі көпірдің артықшылықтары су ағу жүйесі қарастырылған жобада. Кешкі жарықшамдары қарастырылған. Екі шетіне жаяу жүргіншілерге арналған жол қарастырылған. 

Сонымен қатар жуырда «Ташкент-Термез» халықаралық көлік дәлізінің бір бөлігі орташа жөндеуден кейін  пайдалануға берілді. Бұл жол Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекаралық байланысты нығайтып қана қоймай, халықаралық транзиттік дәліз ретінде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар «Целинный» және «Сырдария» шекара өткізу бекеттерінің өткізу қабілетін арттыруға, жүк және жолаушылар тасымалының транзиттік мүмкіндігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Бөлісу