Хуситтермен қақтығыс күшейді
Йеменде азаматтық соғыс ушықты. Таиз қаласы үшін
күрес күшейген. Хуситтер шаһар маңында болып жатқан шайқастың видеосын
жариялады. Көтерілісшілер Таизды қоршауға алып, Аденге апаратын жолды жауып
тастаған. Олар үкімет күштерінің Шабва провинциясындағы жаттығу лагеріне
зымыранмен соққы беріп, 73 адамды мерт қылды. 200-ден астам адам жараланған. Жоғалып
кеткендер де бар. Саудия бастаған коалиция күштері көтерілісшілердің зымыран ұшыратын
платформасын жойып жібергенін мәлімдеді. Соңғы 24 сағатта Йемен әскері хуситтерге қарсы 744 шабуыл жасаған.
Коалиция өкілдері болса, Саудия астанасы әр-Риядқа бағытталған дронды атып түсіргенін
мәлімдеді. Қақтығыстардан Йеменде
гуманитарлық дағдарыс ушыға түсті. Бұл тұста Мысыр мен Түркия Сауд Арабиясы және
Пәкістанмен бірлесіп, жағдайды саяси реттеу қажеттігін мәлімдеп отыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы