Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ұлттық экономикалары интеграция аясындағы жағдайға бейімделіп үлгерді. Бұл туралы «Еуразиялық апталық» форумында Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев айтты. «Жыл басынан бері негізгі көрсеткіштер бойынша өсімнің жақсы қарқыны байқалуда», - деді ол. Еуразиялық экономикалық одақ ішкі жалпы өнімі бірінші тоқсанда 0,8 пайыз болды. Осы ретте өнеркәсіп саласындағы қарқынды өсім қуантып отыр. «Сыртқы сауда көлемі бірінші жартыжылдықта 28 пайызға артты»,- деді Үкімет басшысы. Ішімдіктер мен темекі өнімдерінің акциздік саясатына байланысты мәселелер төңірегінде біраз пікірталас туындады. Отырысқа қатысушылардың айтуынша, бұл тауарлардың заңсыз айналымын болдырмау үшін акциздік төлем мөлшерін барлық мемлекетке ыңғайлы ету керек. Жалпы, Еуразиялық экономикалық комиссиясының күн тәртібінде 20 мәселе қаралмақ.
Индира БЕГАЙДАР