Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын төлеудің жаңа жүйесі енгізілмек

20.07.2017

Жаңашылдық «100 нақты қадам - ұлт жоспары» аясында жүзеге асырылады. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз жиынында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова айтты.

Оның сөзінше, жұмыс өтілі мен лауазым санатын ғана ескеретін қазіргі қолданыстағы жүйеге біршама өзгеріс енгізіледі. Мұнда табыс көлемі қызметкердің нәтижелі жұмысының үлесіне байланысты болады. Яғни, оның белсенділігі бірінші кезекте ескеріледі. Қазір тиісті әдістеме әзірленген. Келесі жылдан бастап, пилоттық жобаны қолданысқа енгізу жоспарда бар.

 

Ғабит ҰЗАҚБАЙ

Хабарламаларға жазылу