Жекешелендіру жұмысын бақылайтын комиссия құрылмақ

20.10.2014
Жекешелендіру жұмысын бақылайтын комиссия құрылмақ

Елімізде жүргізіліп жатқан жекешелендірудің барысын сараптап, бақылайтын комиссия құрылмақ.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің үшінші отырысында айтылды.

Кеңес төрағасы Азат Перуашев «Жекешелендірудің екінші толқыны  экономикалық қана емес, саяси маңызды науқан», - деді.

«Сондықтан, оны барынша ашық өткізіп, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жұртқа жеткізу қажет».

Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу