Елбасы БАҚ өкілдерімен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елбасы БАҚ өкілдерімен кездесті

16.03.2017

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаев отандық және халықаралық бұқаралық ақпарат өкілдерімен кездесті. Әңгіме барысында Мемлекет басшысы қазіргі күн тәртібіндегі мейлінше өзекті сауалдарға жауап берді.

Кездесуге қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Хабарламаларға жазылу