Ұлттық арна Елбасының БАҚ өкілдерімен сұхбатынан арнайы хабар ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық арна Елбасының БАҚ өкілдерімен сұхбатынан арнайы хабар ұсынады

17.03.2017
Ұлттық арна Елбасының БАҚ өкілдерімен сұхбатынан арнайы хабар ұсынады

Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев республикалық БАҚ өкілдерімен кездесті

Әңгіме барысында Мемлекет басшысы қазіргі күн тәртібіндегі мейлінше өзекті сауалдарға жауап берді.

Кездесуге қатысушылар «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауды іске асыру аясында ел экономикасын трансформациялау үдерісінің бірқатар аспектілерін, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін, қазіргі саяси жаңғыру кезеңінің ерекшеліктерін, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі Қазақстанның сыртқы саяси басымдықтарын, сондай-ақ басқа да маңызды жайттарды талқылады.

Кездесуге «Қазақстан», «Хабар», «МИР» телеарналарының, «Айқын» газетінің, «Esquire» журналының, «Қазақпарат» ақпарат агенттігінің журналистері қатысты.

Бүгін 21:30-да «Қазақстан» телеарнасы Н.Ә.Назарбаевтың республикалық БАҚ өкілдерімен сұхбатынан арнайы хабар ұсынады.

Хабарламаларға жазылу