ШЫҰ 15 жылдығына орай Ташкент декларациясы қабылданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ 15 жылдығына орай Ташкент декларациясы қабылданды

28.02.2017
ШЫҰ 15 жылдығына орай Ташкент декларациясы қабылданды

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысының қорытындысында бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, алдымен ШЫҰ 15 жылдығының Ташкент декларциясы қабылданып, 2025 жылға дейін ШЫҰ-ны дамыту стратегиясын жүзеге асыру бойынша 2016-2020 жылдарға арналған іс-қимыл жоспарын бекіту туралы, ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында Үндістан Республикасының міндеттемелері жөніндегі меморандумға қол қою туралы, ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында Пәкістан Ислам Республикасының міндеттемелері жөніндегі меморандумға қол қою туралы, 2015 жылдың шілдесі мен 2016 жылдың маусымы кезеңіндегі ШЫҰ қызметі туралы ұйым бас хатшысының баяндамасын бекіту туралы, 2015 жылғы Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылым қызметі туралы ШЫҰ Өңірлік лаңкестікке қарсы құрылымы кеңесінің баяндамасын бекіту туралы,  ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткізу мерзімі туралы ШЫҰ мемлекет басшылары кеңесінің шешімдері, ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында Үндістан Республикасының міндеттемелері туралы меморандум, ШЫҰ-ға мүше мемлекет мәртебесін алу мақсатында Пәкістан Ислам Республикасының міндеттемелері туралы меморандум, Туризм  саласында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер ынтымақтастығын дамыту бағдарламасы бекітілді.

Мұнан бөлек, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы туралы ақпараттық хабарлама қабылданды.   

 

ҚазАқпарат

 

Хабарламаларға жазылу