Басты Жаңалықтар 60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады

60 велошабандоз көк байрақпен Алматыны шарлады

Республика күніне орай Алматыдағы Орталық Ипподромда велошеру өтті. Шараны ат пен түйе үстінде өнер көрсетіп, ұлттық спорттан әлемдік рекорд орнатып жүрген спортшыларымыз бастады. Олар алдымен ипподромды айналып өтті. Содан кейін көк  байрағымызды велошабандоздарға табыстады. 60-қа жуық велошабандоз алып шаһардың төрт негізгі көшесімен жүріп өтті. Бұл игі бастама қала көшелеріне ерекше рух беріп, елдік пен бірліктің символына айналды. Шерудің ипподромда басталуы да тегін емес. Өткен мен бүгінді сабақтастырып, ата-баба мұрасын ұрпақ жадында сақтау маңызды, дейді ұйымдастырушылар.

Айбек Берікболұлы, ұйымдастырушы:

Бұл шараның басты мақсаты, басты ерекшелігі – жастар арасындағы патриотизмді ерекше тұрғыда дәріптеу деп ойлаймын. Велошеруде 14-35 жас аралығындағы ауданымыздың тұрғындары, жастары белсене атсалысты. Бүгінгі шарамызды белсенді, ауқымды өткізу үшін бірнеше рет дайындық жұмыстары жүргізілді.

Бөлісу