Тұрғын үй құрылысына 360 миллиард теңге бөлінеді

15.02.2016
Тұрғын үй құрылысына 360 миллиард теңге бөлінеді
Тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін биыл 360 миллиард теңге қаралған. Оның 42 миллиарды әкімдік кезегіндегілерге жалға берілетін баспана салу үшін «Бәйтерек» холдингіне беріледі.

Өткен аптада Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент жүктеген тапсырмаларды орындау үшін Үкімет төрт бағыт бойынша жедел шаралар жоспарын әзірлеген. Арендалық пәтерлердің шаршы метрінің бағасы Астана мен Алматы қалаларында 200 мың теңгеден,өзге өңірлерде 180 мың теңгеден қымбат болмауы тиіс.

Сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» салымшыларына несиелік баспана салу үшін 149 миллиард теңге жұмсалса, жеке құрылыс компанияларын қолдау көрсетуге 97 миллард теңге бағытталмақ.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу