ЕХРО-2017 құрылысына 77 миллиард теңге инвестиция тартылды - Т.Ермегияев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕХРО-2017 құрылысына 77 миллиард теңге инвестиция тартылды - Т.Ермегияев

30.09.2014
ЕХРО-2017 құрылысына 77 миллиард теңге инвестиция тартылды - Т.Ермегияев

Астанадағы ЕХРО-2017 көрмесі кешенінің құрылысына 77 миллиард теңге инвестиция тартылды.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану мәселелері бойынша комитет отырысында «Астана-ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлімдеді.

«Қазіргі таңда инвестициялық жоспар желісі бойынша 77 миллиард теңгеге келісімшартқа қол қойылды.  

Бір айдың ішінде тағы 30-50 миллиард теңгеге келісімшарт жасалады. Бұл көрме аумағында болатын тұрғын үй кешеніне қатысты болмақ. Оның аумағы – 25 гектар.

Жылдың соңына дейін қанша инвестиция тартылатынын нақты айта аламын», - деп Талғат Ермегияев  депутаттар сауалына жауап берді.

Ұлттық компанияның басшысы көрме өткізу үшін бөлінген барлық 174 гектар жердің толық игерілетінін жеткізді. Ал, коммерциялық аймақ пен тұрғын үй кешенінің құрылысы инвестияция есебімен жүргізілмек.

Хабарламаларға жазылу