Ерлан Ыдырысов БҰҰ балалар қорының өкілін қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Ыдырысов БҰҰ балалар қорының өкілін қабылдады

13.02.2015
Ерлан Ыдырысов БҰҰ балалар қорының өкілін қабылдады

Бүгін еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қазақстандағы БҰҰ балалар қорының қайта тағайындалған өкілі Юрий Оксамитныймен кездесті. Кездесу  барысында жанұя мен қоғам әлеуетін нығайту тұрғысында әңгіме өрбіді.

Сонымен қатар,  Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары, соның ішінде бұрынғы Семей полигоны мен Арал экологиясынан зардап шеккен балалардың жағдайын жақсарту талқыға түсті.

Е. Ыдырысов «өңірлік жобалар мен бағдарламаларды БҰҰ-мен бірлесіп құру және жүзеге асыру аймақтық интеграцияны дамытудың мыңызды бағытына айналу керек»,- деді.

Хабарламаларға жазылу