Мемлекеттік хатшы БҰҰ-ның өкілі Николай Ботевпен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы БҰҰ-ның өкілі Николай Ботевпен кездесті

22.01.2015
Мемлекеттік хатшы БҰҰ-ның өкілі  Николай Ботевпен кездесті

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Біріккен Ұлттар Ұйымы Халықты қоныстандыру саласындағы қорының Орталық Азия бойынша аймақ офисінің директоры Николай Ботевпен кездесті.

Бұл қор Қазақстан халқының әл-ауқатының артуы мен тұрақты дамуына зор үлес қосты.

Соңғы бес жылда бірнеше бірлескен ірі жоба іске асырылды.

Кездесуде тараптар Елбасы Жолдауы аясында халықтың әлеуметтік тұрмысының  өзекті мәселелерін шешу бойынша жұмыстарын жалғастыратындарын жеткізді.

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу