Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті

20.09.2018

Екінші Еуразиялық әйелдер форумының аясында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ әйелдер құрылымының атқарушы директоры Фумзиле Мламбо Нгкукамен кездесті. Мемлекеттік хатшы Қазақстанда гендерлік саясаттың өзіндік үлгісі бойынша маңызды құжаттар қабылданғанын айтты. Гендерлік теңдікті сақтау бойынша жақсы көрсткіштерге қол жеткіздік деді. Іскер әйелдерді қаржылай қолдауға бағытталған заң жобасы да бар. Тәуелсіздік алғалы Қазақстан әйел құқықтарын қорғау бойынша да көптеген жұмыстар атқарды. 

 

Индира БЕГАЙДАР

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу