ЕурАзЭҚ-тың құрылғанына - 14 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕурАзЭҚ-тың құрылғанына - 14 жыл

08.10.2014
ЕурАзЭҚ-тың құрылғанына - 14 жыл

Биыл Еуразиялық экономикалық қауымдастығының құрылғанына - 14 жыл. Осыған орай халықаралық ұйымның бас хатшысы Тайыр Мансұров, Мәскеу қаласында арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Жиында қауымдастықтың осы жылдар аралығында жеткен жетістіктері айтылды. Қазақстан, Беларусь Республикасы, Ресей, Тәжікстан және Қырғыз Республикасын біріктірген бұл құрылым, әлемдегі ішкі жалпы өнімнің 4 пайызын өндіреді.

Қауымдастық шеңберінде қазір дағдарысқа қарсы қор, жоғары технологиялар орталығы, Еуразиялық іскерлер кеңесі және Еуразиялық сот жұмыс істеп тұр. Бұдан бөлек, 2000 жылдан бері, Еуразиялық экономикалық қауымдастық аясында, өзара байланыстарды бекітуге бағытталған 200-ден аса халықаралық келісім бекіді. Ал ең бастысы, бұл ұйымның негізінде атқарылған істер арқылы, Еуразия кеңістігіндегі интеграциялық процесстердің іргетасы қаланды.

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу