ШЫҰ-ның 10 жылдық даму стратегиясы қабылдануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШЫҰ-ның 10 жылдық даму стратегиясы қабылдануы мүмкін

16.09.2014
ШЫҰ-ның 10 жылдық даму стратегиясы қабылдануы мүмкін

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі санкция салған мемлекеттер Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше бола алмайды. Халықаралық ұйымға мүшелікке өтудің талаптарының бірі осындай.

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі, Қазақстанның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы жұмысы жөніндегі үйлестірушісі Шахрат Нұрышев мәлімдеді.

Өткен аптада Душанбеде өткен ұйымның кезекті отырысының қорытыныдысы туралы баяндаған елші, онда Иран мен Үндістанның ұйымға қабылдануы туралы өтініші де күн тәртібінде болғанын айтты.

Осылайша, егер қазір алтылық елдері мен Иран арасындағы келіссөздер оң шешіліп жатса, Иранның Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына қабылдануға өтініш беруге мүмкіндігі болады. 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

Хабарламаларға жазылу