Әлемге танымал «National Geographic» телеарнасы Астана туралы деректі фильм түсірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлемге танымал «National Geographic» телеарнасы Астана туралы деректі фильм түсірді

08.08.2017

Телетуынды «Астана болашақтың қаласы» деп аталады. Бұл туралы шетелдік телеарнаның вице-президенті Дерба Армстронг журналистерге арналған баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Деректі фильмде «ЭКСПО-2017» көрмесіндегі «Нұр Әлем» павильонына баса назар аударылған. Авторлар 21 ай бойы жүргізілген құрылысты бастан-аяқ көрсетті. Сондай-ақ, туындыда елорданың өзге де зәулім ғимараттары жайлы айтылады. 450 миллион көрермені бар телеарна бұл фильмді әлемнің 170 елінде 50-ден астам тілде көрсетуді жоспарлап отыр. 

Хабарламаларға жазылу