Скандинавия мемлекеттерінің елшілері Еуразия Ұлттық университеті студенттеріне дәріс оқыды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Скандинавия мемлекеттерінің елшілері Еуразия Ұлттық университеті студенттеріне дәріс оқыды

19.02.2016
Скандинавия мемлекеттерінің елшілері Еуразия Ұлттық университеті студенттеріне  дәріс оқыды
Қазақстанның шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынысы, әлемдегі интеграциялық ұйымдар тарихы айтылды.

Әсіресе, «Солтүстік ынтымақтастық» одағы туралы толық мағлұмат берілді. 1962 жылы негізі қаланған бұл Одаққа - Дания, Финляндия, Исландия, Норвегия, Швеция елдері, сондай-ақ, Гренландия, Аланд, Фарер аралдары кіреді.

Дәріс әсіресе халықаралық қатынастар факультетінің студенттеріне өте пайдалы болды,- дейді шараны ұйымдастырушылар.

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу