Қазақ елі дүниежүзіндегі қуатты мемлекеттердің біріне айналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ елі дүниежүзіндегі қуатты мемлекеттердің біріне айналды

25.06.2014
Қазақ елі дүниежүзіндегі қуатты мемлекеттердің біріне айналды
 
Бүгінде Қазақ елінің еңсесін тіктеп, осы жылдарда қол жеткізген табысы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  бастамашылдығының нәтижесі екендігі анық.
 
Расында, бұрын көшеде күнделікті күйбең тіршіліктен кеудесін көтере алмай артынып, қап арқалаған адамдарды көрсек, қазір керісінше, өркениеттің кемел көшінен қалмауға талпынған көпшілік керуеніне куәміз.
 
«Өз ұлтымен бірге жаһанның жайына алаңдаушылық білдіріп, бәрін бірдей ойлаған Президенттің әлемдік сахна төрінде беделі биік, абыройы асқақ»,  дейді шетелдік саясаткерлер.
 
Джорджо Наполитано, Италия Республикасының 11-ші президенті:
Соңғы жылдары Қазақстанның экономикалық әлеуеті артып, дамып келеді. Нәтижесінде, Қазақ елі әлемдегі қуатты мемлекеттердің біріне айнала білді. Сондықтан, Италия Республикасы сіздермен энергетикалық және басқа да салалар бойынша әріптестік қарым-қатынасты нығайтып, одан әрі қарай бірлесіп жұмыс істеуге аса мүдделі.
 
Арнольд Рюйтель, Эстонияның экс-президенті:
20 жылдың бедерінде Қазақстанның әлем алдында беделі биіктеп, абыройы асқақтады, деп есептеймін. Қай салада болмасын, демократиялық реформаларды іске асыруға бағытталған жүйелі жұмыстың барлығы дерлік, Қазақстанның Еуразиялық аймақта жетекші ұлт және ең заманауи қоғам ретінде қалыптасуына жұмсалды. Мен 2008 жылдың сәуір айында Қазақстанға жасаған ресми іссапарымда Нұрсұлтан Назарбаевпен болған рухани кездесуімді ерекше ықыласпен еске аламын. Қазақ елі қол жеткізген толайым табыс Президенттеріңіздің сарабдал саясаты аясында атқарылған іргелі істердің жемісі екендігін зор қуанышпен жеткіземін.
 
Петр Стоянов, Болгарияның экс-президенті:
Сіздің энергияға толы және кемел көрегенділігіңіз бен көшбасшылығыңыздың нәтижесінде Қазақстан Республикасы аймақтық деңгейде маңызды стратегиялық, экономикалық және ішкі саяси әріптес қана емес, әлемдік масштабта да орны бөлек ел ретінде берік тұрақтады. Сондықтан, бүгінде Президент Назарбаевтың басшылығымен сіздердің мемлекеттеріңіз тарихтың жаңа парақтарын жазуға кірісті. Әлбетте, мұны бүгінгі буын мен ертеңгі ұрпақ келешекте мақтанышпен айтатынына сенімдімін.
 
Алмат ӘБДІРАМАН

Хабарламаларға жазылу